Антарктидадағы қардың тез еруіне пингвиндер де себепші болып шықты

Мұндай қорытындыны Антарктида түбегінің батыс жағалауындағы қарда өсетін балдырларды зерттеген ғалымдар жасаған.

Антарктидадағы қардың тез еруіне пингвиндер де себепші болып шықты Фото: Риа Новости

Белгілісі, құс саңғырығының құрамындағы фосфаттар тыңайтқыш қызметін атқарып, балдырлардың өсуін ынталандырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Демек, пингвиндер мен басқа да теңіз құстарының саңғырығы Антарктидадағы қардың жылдам еруіне ықпал етіп жатқан болуы ықтимал. 

– Көбейген сайын балдырлар қардың түсін жасылға өзгертеді. Соның салдарынан қар күн сәулесін бұрынғыдай жақсы шағылыстыра алмай, көбірек жылынады. Бұған дейін жүргізілген өлшеулер қызыл балдырлар өскен қардың кәдімгі ақ қарға қарағанда күн энергиясын шамамен 20 пайыз, ал жасыл балдырлар басқан қардың 40 пайызға дейін көп сіңіретінін көрсеткен, – делінген ақпаратта. 

Зерттеушілер пингвиндер мекендейтін және құстар кездеспейтін аумақтардан қар үлгілерін алып, салыстырған. Нәтижесінде жасыл түске боялған қардың құрамында фосфат мөлшері едәуір жоғары екені анықталған. 

– Пингвиндердің саңғырығы жасыл қар балдырларының қарқынды көбеюіне ықпал ететін тыңайтқыш қызметін атқарады, – деп түсіндірді зерттеу жетекшісі, Боулдердегі Колорадо университетінің ғалымы Алия Хан.

Ғалымдардың ескертуінше, ауа температурасы жоғарылаған сайын балдырлар жаңа аумақтарға таралуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Антарктидадағы қардың еру үдерісін одан әрі жеделдетуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу