Apple Siri-мен сөйлескендердің әңгімесін тыңдайтын болып шықты

13620

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Apple Siri-мен сөйлескендердің әңгімесін тыңдайтын болып шықты

Apple-дің Siri-дегі дыбыстық хабарламаларды тыңдаумен айналысатын қызметкерінің айтуынша, компанияның мердігер фирмалары кейде айфон қолданушыларының жеке басына қатысты ақпаратты еститін көрінеді. 

Ресми дерекке сүйенсек, компания қызметкерлері Apple өнімін қолданатындардың іскерлік келісімі, олардың жеке өмірі және денсаулықтарына қатысты құпия ақпаратты естіп қалып жүрген.

Дегенмен Apple бұл жайт жайында тұтынушылар ақпаратының құпиялығы туралы құжатқа ештеңе жазбаған. Siri-де жазылған файлдардың біраз бөлігі компанияның әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан жалдамалы фирмаларына жіберіледі.

Купертино компаниясының айтуынша, бұл деректер Siri қызметінің сапасын арттырып, тұтынушылардың не айтып жатқанын жақсырақ түсіну үшін өңделеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу