Әр макроөңір өзінің инвестбағдарламасын, әр министр өз қаулысын басқару керек

12139

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның алты макроөңірі үшін тағы да инвестициялық бағдарламалар дайындауда.

Әр макроөңір өзінің инвестбағдарламасын, әр министр өз қаулысын басқару керек

Еске сала кетсек, 2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен  елді аумақты- кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі дамыту үлгісі бекітілген болатын, осыған сәйкес республиканың аумағы алты макроөңірге: Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, сонымен қатар Алматы және Астана болып бөлінген.
2015 жылы бұл даму үлгісі өңірлердің экономикалық мамандану, экономикалық байланыс сипатына және орналасу жүйесі есебінен жаңа сыныптамасымен толықтырылды, сонымен қатар, онда макроөңірлерді дамытудың стратегиялық бағыты белгіленген. Өңірлік саясаттың "аумақтық шоғырлану негізінде үйлестірілген дамыту және жиналуды басқару,  дәстүрлі индсутрияландыру негізінде макроөңірлік дамыту" жаңа тәсілдері қалыптастырылған, бұл өңіраралық ынтымақтастыққа қосымша ипульс беру керек.

Беру керек еді, бірақ әлі бере алмай келеді. Себебі, ұлттық экономика министрлігі өздерінің стратегиялық және басқа мекемелердегі әріптестеріне қарауға берілген құжатты министр ауысқан сайын қайта қарайды. 
Әр жаңа бастық өзінше басқарады
Жұма күні, өңірлік даму және практика мәселесі жөніндегі өңіраралық форум барысында ҚР ҰЭМ өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді сараптау және бағалау департаменті бастығының орынбасары Жайық Шарабасов, оның мекемесімен , 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасындағы өзгертулерді қарастыратын және инвестициялық бағдарламаға енгізілетін үкімет қаулысына жоба дайындалғандығын мәлімдеді. Экономика мекемесі өкілінің айтуынша,  бұл қаулы жобасы жақын арада орталық және жергілікті атқарушы органдарға келісімге жіберіледі.
"Біз мамыр айында бұл қаулы жобасын жіберген болатынбыз, алайда министрліктегі өзгертулерге және біздің министрдің бұл инвестициялық бағдарламарды дамыту бойынша басқа көзқарасының болуына байланысты, біз бұл жобаны министрдің ескертулері негізінде толықтырып, қайта жібердік",-деді Жайық Шарабасов. Айта кету керек, аталған үкімет қаулысының бұрынғы  жобасы ұлттық экономика министрлігін Ерболат Досаев басқарып тұрған кезде дайындалған болатын. Алайда, мамыр айының басында ҰЭМ-нің ауыл шаруашылыққа негізделген жердерді шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту туралы ұсынысынан кейін еліміздегі наразылық шерулерінің болуына байланысты ол өз еркімен орнынан кеткен еді.
Қазақстанның ұлттық экономика министрі болып Қуандық Бішімбаев тағайындалып, ҰЭМ-нің барлық мамандарымен осы уақытқа дейін келісілген қаулы жобасына өз өзгертулеруін енгізген. Макроөңірлерді инвестициялау бағдарламалары қабылданып  және  іске аса бастағанға дейін келген жаңа министр орнын ауыстырмайтын шығар деп үміттенеміз. Әйтпесе, жаңа басшының келуімен барлығын қайта жасау керек болады. Нақтылап айтар болсақ, алты нұсқау. Өйткені, жаңа басшының айтқаны қашан да  "дұрыс" деп есептеледі..
Батыс-  мұнай, шығыс- өндіріс
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық экономика министрлігінің қазір дайындап жатқан алты инвестбағдарламасы жайына тоқталар болсақ, олардың негізі мақсаты- әр макроөңірге кейін барлық ел сатып алатын нақты бір өнім түрін шығаруды бекіту. "Бұл инвестициялық бағдарламалар  олардың салыстырмалы басымдылығы негізінде әр макроөңірлер үшін инвестициялық басымдылықты анықтау, өңірдің даму деңгейі мен олардың экономикасын  әртараптандыруды қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің өңірлік драйверін қалыптастыру, ірі өңірлік жобалар айналасындағы шағын және орта бизнесті шешуге бағытталған",- деп түсіндірді ҰЭМ-нің өкілі.
Оның айтуынша, инвестициялық бағдарламалар макроөңірлерді дамыту мақсатына сәйкес болады. Мысалға, орталық-шығыс макроөңірі үшін дайындалған инвестбағдарлама "жоғары технологиялық өндірістерді құратын және экология мәселесін шешетін жобаларды дамытуға, яғни индустралды сатыны дамытуға" есептеледі. "Оңтүстік және солтүстік макроөңірлер үшін бұл индустралды даму кезеңіне өту агроөндірістік кешенге қосылған бағаны арттыру негізінде жобаларды, сонымен қатар ілеспелі салалар кластерін құру арқылы іске асыру",- деп жалғастырды Жайық Шарабасов. – Батыс макроөңір үшін мұнай-газ саласы үшін сервистік саланы белсенді дамыту, сонымен қатар, мұнай-газды машина жасау  арқылы экономиканы әртараптандыру маңызды. Ал Алматы және Астана қалалары үшін білімге негізделген экономиканы, яғни медицина, білім беру де экспорттың қызмет көрсетуін дамытуды  және ғылыми дайындауларды дамыту қажет.
Инвестбағдарламалар өңіраралық сауданың қозғаушысы іспетті.
Мұндай бөлінулер, бірінші кезекте, өңіраралық  сауданы жандандыруды мақсат етеді. Жайық Шарабасовтың баяндамасына сенетін болсақ, өңіраралық сауда өте төменгі жағдайда. Оның мәліметтері бойынша, 2014 жылы еліміз бойынша еліміздің басқа өңірлерінде сатып алынған  тауарлардың  жалпы  үлесі сатылған тауарлар көлемінің 37,3%-ын құраған, ал бұл жерде резиденттер еместен сатып алынған тауар көлемі 62,7 пайызды құраған.
Әрине, Жамбыл, Ақтөбе және Қостанай сияқты ипорттық өнімнен гөрі отандық тауарларды көбірек сатып алатын өңірлер де бар, бұл өңірлер бойынша аталған көрсеткіштер  2014 жылы 88,5 %-ды, 86,2 % және 79,3 % -ды құраған. "Сонымен қатар, басқа өңірлерде импорттық өнімдердің үлесі жергілікті өндіріс тауарының көлемінен асып кетеді,- деді Жайық Шарабасов. Мысалға, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында және Алматыда басқа өңірлерден сатып алынған тауарлар көлемі тек 12,4 %, 19,2 % және 26,3%-ды  құрайды"
"Бұл өңіраралық ынтымақтастықтың потенциалы толықтай ашылмағандығын көрсетеді және біздің, сіздермен міндетіміз, келешекте отандық өндірушілерді қолдау есебінен импорт алмастыру көрсеткішін арттыру",-деп мәлімдеді ҰЭМ-нің өкілі. Осы жерде егер, мысалға,  цементті елімізідің барлық өңірінде емес, тек шығыста ғана өндіретін болса, қазақстандық цементке деген сұраныс бірден артады дегенді кім айтты деген орынды сұрақ туындайды. Ішкі бәсекелестікті, әрине, әкімшілік- кластерлік әдіспен алып тастауға болады, ал Ресеймен екі ортадағы шекараны жаба алмайсың. Егер ресейлік өнім логистикалық шығындар есебінен салыстырмалы бағада болса , ал сапасы жоғары болатын болса, онда ешқандай отандық өндіріс көмектесе алмайды. 
Тағы да бір айтарлығы, бұл мамандандыру бәсекелестік жоғары дамыған және сала кәсіпорындары әрбір өңірде  нарық тәжірбиесінде қалай іске асатындығы белгісіз. Агроөндірістік кешендегі сияқты солтүстікте және оңтүстікте дәстүрлі индустрияландыруды жасасаң да, шығыс пен орталықтағылар сүт беруін тоқтатпайды. Ал сол кезде  қазір осынша айтып жатқан АӨК-ны мамандандыру қайда қалады? Жеке кәсіпкер өз қаражатын өзі басқарады, егер ол өнеркәсіптік өндірісті Павлодарда емес, Шымкентте ашқысы келсе, оның пікіріне қарсы келе алмайсың. Қорыта келе айтарымыз, макроөңірлерді инвестициялау бағдарламалары көп сұрақтар туындатады, сол себепті ҰЭМ оларды тағы да жаңа министр келіп, оларды тағы да қайта қарауды талап етпей тұрғанда үкіметтің және жұртшылықтың талқылауына тезірек шығаруын тілейміз.

Игорь Воротной, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу