Әр матчта делегат болады

886

Қазақстан футболындағы бір жаңалық осы болып отыр. 

Әр матчта делегат болады

Семинардың бірінші күні теориялық бөлімнен тұрды, Суперкубоктың өту күні білім алушылар кураторлармен бірлесіп "Астана Арена" стадионына инспекция жүргізді. Спикерлер ретінде Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мен Қазақстан футбол федерациясының білікті мамандары, соның ішінде УЕФА аясында өтетін ресми ойындарда қызмет ету тәжірибесі бар делегаттар шақырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ҚКФЛ Әкімшілігі жарыстардың ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында делегаттар институтының жобасын іске қосты. 2022 жылғы маусымда сынақ ретінде алғашқы делегаттар Бірінші Лига мен OLIMPBET-Чемпионаты ойындарында қызмет атқарды.

2023 жылғы маусымнан бастап делегаттар OLIMPBET-Чемпионат пен OLIMPBET-Кубогының барлық ойындарына, сонымен қатар Бірінші лига клубтары арасындағы UBET-Біріншілігінің орталық кездесулеріне тағайындалады. Делегаттың міндеттеріне ойынды ұйымдастыру және реттеуші құжаттардың талаптарын сақтау жөніндегі басшылық функциялар кіретін болады.

Делегаттар институтының жобасын енгізу туралы ҚКФЛ Президенті Рохус Шох пікір бөлісті:

- Өткен жылдың көктемінде мені ҚКФЛ Президенті етіп сайлаған кезде, мен Қазақстанда кәсіби клубтардың матчтарында делегаттар институтын енгізуді маңызды міндеттердің бірі ретінде айқындадым. Делегаттар Еурокубоктар мен құрама командалардың матчтарынан бөлек, барлық дерлік еуропалық лигаларда жұмыс жасайды. Менің бастамам бойынша жаңа маусымнан бастап OLIMPBET-Чемпионаты ойындарында делегаттардың матчтарға тағайындау тәжірибесі барлық жерде енгізілетін болады. ҚФФ біздің ұсынысымызды қарсы алып, аталмыз жобаны қолдады. Делегат — бұл қауіпсіздікке, жарнамалық және коммерциялық құқықтарға және басқа да ұйымдастырушылық процестерге қатысты барлық мәселелерге жауап беретін ойындағы басты тұлға. Басқаша айтқанда, қазіргі заманғы жоғары деңгейлі матч онсыз мүмкін емес. Біз өткен жылы делегаттардың қатысуымен ресми ойындар өткіздік, аталмыш тәжірибе бұл жаңашылдықтың маңыздылығын көрсетті. Болашақта біз делегаттарды іссапарға жіберу тәжірибесін Бірінші лига командалары арасындағы UBET-Біріншілігіне енгізуді жоспарлап отырмыз.

Әрине, мұндай өзгерістерді енгізуге үшін ҚКФЛ үлкен дайындық жұмыстарын өткізді. Соның ішінде үміткерлер үшін маусымаралық оқыту мен міндетті тестілеуді өтеді. Бұл ретте біз білікті кадрлардың белгілі бір тапшылығын сезінуді жалғастырамыз, сондықтан болашақта оқытуды жалғастырымыз боламыз. Делегаттар жақын арада екі ірі қала мен басқа аймақтарда – елдің батысында, оңтүстігінде және шығысында табылады деп үміттенемін. Делегаттардың іссапары бойынша барлық шығыстары отандық клубтарының мойнына түспейтінін бөлек атап өткім келеді. Делегат ҚКФЛ ресми өкілі болып табылады, сондықтан олардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын Лига өз мойнына алады. Делегаттар институтының пайда болуы – Лиганыда, жалпы Қазақстандағы барлық кәсіби футболды дамытудағы маңызды қадам. Бұл бастама отандық футболды жаңа деңгейге шығуға көмектеседі деп санаймын.

ҚКФЛ аясында өткізілетін ойындарға делегаттарды тағайындау туралы ақпарат Лиганың ресми сайтында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу