Арабиялық клуб Мессиге жалақысын өзі жазып алуға мүмкіндік беріп отыр

"Әл-Иттихад" клубының президенті Аммар Әл-Хайли футболшыға қалаған ақшасын беруге дайын.   

Арабиялық клуб Мессиге жалақысын өзі жазып алуға мүмкіндік беріп отыр Фото: www.sports.kz

Команда кезекті мәрте әлемдік футбол жұлдызы Лионель Мессиді өз құрамына тартуға талпыныс жасап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Егер Месси "Әл-Иттихадпен" келісімшартқа қол қоюға келіссе, мен оған қалаған сомасын өзі жазуға мүмкіндік берер едім. Ақша мен үшін маңызды емес. Тек Мессидің біздің командада ойнағанын қалаймын. Өйткені, ол – футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы, – деді Аммар Әл-Хайли.

Бұған дейін "Әл-Иттихад" 2023 жылы Мессиге жиі сөз болатын рекордтық 1,4 миллиард еуро көлеміндегі ұсыныс жасаған еді. Бірақ, футболшы одан бас тартқан. Әл-Хайлидің сөзінше, Месси ақша емес, отбасын таңдап, басымдықты АҚШ-тың "Интер Майами" клубына берген. 

– "Интер Майамиге" қосылу отбасым үшін дұрыс шешім болды. Біз Парижде өте қиын 2 жыл өткіздік. Мұндағы сәт "Барселонадағы" өмірді еске түсіргендей жайлы. Күнделікті өмір, балалар, ең бастысы – отбасымыздың жақсы болуы... – деген еді Месси сұхбаттарының бірінде.

Месси қазіргі кезде "Интер Майамиде" доп тебеді және оның келісімшарты 2028 жылға дейін ұзартылған болуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу