Келіссөздер стилі базардағы сауда сияқты – Иран Сыртқы істер министрі

Иран Сыртқы істер министрі 10 сәуірде Пәкістанда АҚШ-пен өтетін бейбіт келіссөздерде баруға дайындалып жатыр. 

Келіссөздер стилі базардағы сауда сияқты – Иран Сыртқы істер министрі Фото: ria.ru

Reuters агенттігінің жазуынша, Арагчи Иран тарихындағы ең ықпалды дипломаттардың бірі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол "Ирандағы келіссөз жүргізу стилі базар саудасына ұқсайды, бұл төзімділік пен көп уақытты қажет етеді" деді. 

2024 жылғы өзінің "Келіссөздер күші" атты кітабында Арагчи дипломатиядағы шектен тыс тәуекелдің шығынға әкеліп соғуы мүмкін екенін жеткізген. 

– Келіссөздерде күн астында қар сатқандай, шектен тыс саудаласу бар. Ол шығынға айналады, – деді ол. 

Батыс дипломаттары Арагчиді "салмақты, техникалық тұрғыдан білікті және тік мінезді адам" деп сипаттап келеді. Ал оны әлімсақтан бері білетін дереккөз оның "сабырлы әрі шыдамды, сонымен бірге мықты жауынгер" екенін еске салады. Reuters Иранның саяси элитасы оның әлемдік державалармен келіссөздерде кез келген жайттан сенімді шыға алатынын атаған. 

Аббас Арагчи 2017-2021 жылдар аралығында Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ұзақ уақыт бойы Арагчи Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде ел делегациясын басқарғаны тағы бар. 

Ол Ресей СІМ лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін Мәскеуге бірнеше рет аяқ басты. Иран-Ирак соғысы (1980-1988) уақытындада Ислам революциясы сақшылар корпусында (ИРСК) қызмет жасаған. Дипломаттық мансабын қалыптастырып, Ислам Республикасының Токио мен Хельсинкидегі елшісі болып та жемісті еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу