42 елдің балуандары қатысқан халықаралық жарыста 62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.
"Алғашқы белдесуде Венгрия балуанын жеңдім. Одан кейін Ресей мен Беларусь спортшыларынан басым түстім. Финалда тағы бір ресейлік балуанмен кездесіп, айқын жеңіске жеттім", – деді чемпион.
Самат Оспан Қазалы ауданындағы №17 Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек етеді. Ол шәкірттерін жаттықтырумен қатар, өзі де жарысқа дайындалып, әлемдік додада жоғары нәтиже көрсетті.