Аргентина Мессимен қоштасу матчына тосынсый дайындап қойды

Бұған дейін "Интер Майами" шабуылшысы Аргентина құрамасындағы соңғы матчы кезінде киетін арнайы формасын таныстырған еді.  

Аргентина Мессимен қоштасу матчына тосынсый дайындап қойды Фото: sundayguardianlive.com

Елде аңыз ойыншымен қоштасуға арналған ресми іс-шараларға дайындық аясында 6 қазан жұмыс істемейтін күн болып жариялануы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

39 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында ойынға арналған бутсы мен формасын дайындау барысын көрсететін видео жариялаған болатын.

– Соңғы матч... Өмір бойы сақталатын жейде, – деп жазды Месси Instagram парақшасында.

Арнайы формада футболшының тегі мен дәстүрлі 10-нөмірі алтын түспен безендірілген.

Жаза кетейік, Лионель Месси Аргентина құрамасындағы халықаралық мансабын 6 қазанда Буэнос-Айрестегі "Монументаль" стадионында Бенинге қарсы өтетін жолдастық кездесуден кейін аяқтамақ. Ол ұлттық құрама сапында 2005 жылдан бері доп теуіп келеді. Осы уақыт аралығында футболшы 207 матч өткізіп, 125 гол соққан.

Аргентина құрамасымен бірге Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында, 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогында, сонымен қатар 2022 жылғы Финалиссимада жеңіске жетті.

2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина финалға дейін барды. Бірақ, ақтық айқаста Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу