Аргентинаның Кутраль-Ко қаласында әлем чемпионы, сегіз мәрте "Алтын доп" иегері Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсін ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ескерткіштің биіктігі 26 метр, салмағы 70 тонна. Оның авторы – жергілікті мүсінші Альдо Бероиса.
Мүсінде Месси Аргентина ұлттық құрамасының жейдесінде тізерлеп отырған күйде бейнеленген. Оң қолы жоғары көтеріліп, екі тізесінің арасында әлем чемпионаты кубогы орналасқан.
Бастапқыда футболшы бойымен бірдей мүсін жасау ұсынылғанымен, кейін қала билігі 26 метрлік нұсқаны мақұлдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу