Арина Малиновская Азиада-2026 финалында алтыншы орын алды

231

Жекелей финалда Қазақстан өкілі 316,7 ұпай жинады.

Арина Малиновская Азиада-2026 финалында алтыншы орын алды Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық спортшы Арина Малиновская Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта ату сайысында үздік алты спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жекелей финалда Қазақстан өкілі 316,7 ұпай жинап, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Қытайлық Хань Цзяюй 359,0 ұпай нәтижесімен жеңімпаз атанды. Күміс медальді тағы бір Қытай өкілі Чжан Лиюань 358,8 ұпаймен иеленді. Оңтүстік Корея спортшысы Ким Чжи Ын 348,4 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу