Арина Соболенко Брисбен турнирінде жеңіске жетті

139

Әлемнің бірінші ракеткасы турнирде қарсыластарына бір де бір сет бермеді. 

Арина Соболенко Брисбен турнирінде жеңіске жетті

Белорусь теннисшісі Арина Соболенко Аустралияның Брисбен қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Финалда ол украиналық Марта Костюкты (16‑шы ракетка) 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Осылайша, 27 жастағы спортшы қарсыласқа қарсы есепті 5:0 етіп, бір сет те бермеді.

Бұл Соболенконың Брисбен турниріндегі екінші, WTA турнирлеріндегі 22-ші кубогы болды.

WTA-500 санатындағы Brisbane International турнирі 4–11 қаңтар аралығында өтті. Оған 48 спортшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 691 602 АҚШ долларын құрады.

Өткен жылы да Арина Соболенко турнир чемпионы атанған. Финалда ол Ресей атынан өнер көрсеткен Полина Кудерметованы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, Брисбен турниріне қазақстандық Елена Рыбакина да қатысқан. Дегенмен ол ширек финалдан әрі аса алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу