"Арлан" – екі дүркін Қазақстан чемпионы

383

Көкшетауда Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының соңғы, бесінші ойыны өтті. 

"Арлан" – екі дүркін Қазақстан чемпионы Фото: insport

Финалда көкшетаулық "Арлан" мен астаналық "Номад" бақ сынады. Көкшетаулықтар бес кездесуде жеңіске жетіп, өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Дмитрий Катаевтың командасына Pro Hokei Ligasy кубогы мен алтын медальдар табыс етілді. "Номад" екінші жыл қатарынан финалда ойнап, биылғы маусымда Федор Полищук командасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

"Арландар" бұл ойында серияға нүкте қоюға ынталы болғаны анық. Сондықтан алғашқы кезеңде де "көшпенділер" қақпасына 12 соққы бағыттады. Соның тек біреуі ғана нәтижелі болды. Гол авторы  Андрей Павленко

Екінші кезеңнің басында айдын иелерінің басымдығын Егор Буялский нығайтты. Көкшетаулық шабуылшы көк сызықтан қақпаға дәл соққы бағыттады.

Соңғы үшінші кезеңде Станислав Александров "Номадтың" жеңіске деген үміт отын жақты. Алайда небәрі бір жарым минуттан кейін Артём Лихотников Дмитрий Катаевтың командасын тағы да алға шығарды. Ойын соңына қарай "Номад" қарсылас команданың қақпасына нағыз шабуыл ұйымдастырды. Бірақ Сергей Кудрявцев бастаған "арландар" қорғанысы алынбас қамалдай көрінді. Көкшетаулық команданың қақпашысы 29 соққыға тойтарыс берді. Осылайша көкшетаулық клуб өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

"Арлан" — "Номад" 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 — 10:54 — Павленко (Шевченко, Буялский)

2:0 — 24:32 — Буялский (Шевченко, Хорошев)

2:1 — 43:04 — Александров (Шұлға)

3:1 — 44:46 — Лихотников (Никулин, Карабан)

Қақпашылар: Кудрявцев — Бояркин

"Арлан" – "Номад" сериясындағы есеп: 4-1 (3:4 ОТ5, 2-1 ОТ, 2:0, 4:1, 3:1)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу