Арлан Жанабай триатлоннан Түркістанда өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

187

Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды.

Арлан Жанабай триатлоннан Түркістанда өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.

Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.

Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу