Кездесу 2026 жылдың 11 шілдесінде Грузияның Тбилиси қаласында өткен Real American Freestyle (RAF) турнирі аясында ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл жекпе-жек ММА емес, еркін күрес ережесі бойынша өтті.
Белдесу барысында Арман Царукян толық басымдық танытып, Қуат Хамитовқа мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде армениялық спортшы 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, кездесуді үшінші раундта аяқтады.
Бұл текетірес жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Себебі бұған дейін қос спортшы әлеуметтік желілерде бірнеше рет сөз қағыстырып, бір-бірін жекпе-жекке шақырған болатын. RAF турниріндегі белдесу олардың алғашқы ресми кездесуі ретінде тарихқа енді.
Белдесуден кейін Қуат Хамитов қарсыласының шеберлігін мойындаса, Арман Царукян грек-рим күресі ережесі бойынша реванш өткізуге әзіл-шыны аралас ұсыныс білдірді.
Осылайша, UFC жұлдызы Арман Царукян еркін күрес алаңында да өзінің жоғары деңгейін дәлелдеп, қазақстандық Қуат Хамитовты айқын басымдықпен жеңді.