Армения халықаралық интернетке Әзербайжан арқылы қосылады

291

Екі ел уағдаластыққа қол жеткізді.

Армения халықаралық интернетке Әзербайжан арқылы қосылады Фото: ЖИ

Әзербайжан Армения үшін халықаралық интернет-трафиктің транзитін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

AzerTelecom мен Telecom Armenia Арменияны Әзербайжан аумағы арқылы халықаралық интернет желісіне қосу жөнінде екіжақты келісімдерге қол қойды. Уағдаластық аясында өңірдегі жетекші магистральдық интернет-операторлардың бірі саналатын AzerTelecom халықаралық интернет-трафигін тасымалдау қызметінің географиясын кеңейтеді. Осылайша өз инфрақұрылымы арқылы Армения бағытындағы интернет-трафиктің транзитін қамтамасыз етеді. 

Компанияның мәліметінше, мұндай келісімдер аймақтағы байланыс бағыттарын әртараптандыруға, телекоммуникациялық желілер және байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

AzerTelecom – Әзербайжанды жаһандық интернет желісімен байланыстыратын магистральдық интернет-оператор. Ал Telecom Armenia компаниясы Team Telecom Armenia брендімен жұмыс істейді және Арменияда ұялы және стационарлық байланыс, интернет, сондай-ақ цифрлық телевизия қызметтерін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу