Армения Түркиямен шекарада екі өткізу бекетін ашпақшы

557

Бұл туралы бағдарлама жобасында жазылған.  

Армения Түркиямен шекарада екі өткізу бекетін ашпақшы Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Армения екіжақты қатынастарды қалыпқа келтіру процесі аясында Түркиямен шекарада екі бақылау-өткізу пунктін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы Армения үкіметінің 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламасының жобасында айтылған.

"Армения мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастарды орнату, армян-түрік шекарасын ашу және кем дегенде екі заманауи бақылау-өткізу пунктін пайдалануға беру, көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымдарды қайта іске қосу мен кеңейту, сондай-ақ екіжақты және көпжақты сауданы ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі", – делінген құжатта.

Тиісті құжат Армения үкіметінің сайтында жарияланған әрі оның бейсенбідегі отырысының күн тәртібіне енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу