Ағылшындық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша испаниялық "Атлетиконы" қапы қалдырып, өз тарихында екінші рет Чемпиондар лигасының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Арсенал" соңғы рет 2006 жылы турнирдің шешуші сатысына көтеріліп, финалда "Барселонаға" 1:2 есебімен жол берген еді.
Еуропаның басты кубогы сарапқа салынатын шешуші матчта лондондықтар "Бавария" немесе "ПСЖ" клубының бірімен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу