Қазақстандық семсерлесуші Артём Саркисян Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлер арасындағы қылыш сайысында спортшымыз жартылай финалда Оңтүстік Кореяның үш дүркін Олимпиада чемпионы О Сан Укпен кездесіп, 9:15 есебімен жеңілді. Осылайша Саркисян жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Артём Саркисян 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарына да қатысып, ширек финалда жарыстан шығып қалған еді.
Бұл – 1994 жылдан бері Азия ойындарындағы қылыштың жеке бағдарламасында Қазақстанның алғашқы жүлдесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу