Әртістік жүзуден қазақстандық жұп әлем чемпионатында оныншы орын алды

225

Даяна Джаманчалова мен Мақпал Қалмұрза техникалық бағдарламада 265,1108 ұпай жинады.  

Әртістік жүзуден қазақстандық жұп әлем чемпионатында оныншы орын алды Фото: olympic.kz

Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың техникалық бағдарлама бойынша жұптық сынында Қазақстан намысын Даяна Джаманчалова мен Мақпал Қалмұрза қорғады. Отандастарымыз 265,1108 ұпай жинап, қорытынды есепте 10-орын алды.

Алтын жүлде 300,1509 ұпай еншілеген Ресей құрамасына бұйырды. Қытай спортшылары 289,7367 ұпаймен күміс медаль иеленсе, Испания 289,3125 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Бүгін, 14 тамызда Қазақстан құрамасы жұптық және аралас жұптық сында еркін бағдарлама бойынша, сондай-ақ командалық бәсекеде еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу