Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

187

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан күміс жүлдегер атанды Фото: olympic.kz

Спортшыларымыз акробатикалық бағдарламада екінші орын иеленді. Қазақстан құрамасы 203,0926 ұпай жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл бағдарламада еліміздің намысын Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.

Бірінші орынды 232,2147 ұпай жинаған Ресей құрамасы иеленді. Үшінші орын Беларусь спортшыларына бұйырды – 200,9777 ұпай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу