Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Финалда ол қытайлық Ли Гунмен кездесіп, 2:8 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Әсел Қанай Қазақстан құрамасына каратэден алғашқы күміс медальді әкелді.
Бұған дейін каратэден Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта, ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу