Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен қола медаль жеңіп алды

211

Бұл спортшының Азия ойындарындағы екінші медаль болды.  

Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйелдер арасындағы скиттен жекелей сында қазақстандық спортшы финалда 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орын алды.

Алтын медальді 35 нысананы дәл көздеген Қытай өкілі Цзян Итин иеленді. Таиланд спортшысы Исарапа Импрасертсук 31 нысанамен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун 18 нысананы дәл көздеп, алтыншы орынға тұрақтады.

Бұл – Әсем Орынбайдың осы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық сайыста күміс жүлде жеңіп алған.

Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен жекелей сында қатарынан екінші рет қола медаль алып отыр. 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да қазақстандық спортшы осы бағдарламада үшінші орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу