Әсем Орынбай Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ресми парақшасында жазды.

Әсем Орынбай Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды Фото: olympic.kz

Спортшы әлем чемпионатында 5-орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан стенд атудан үздік нәтиже көрсетті. Бұл – Қазақстан қоржынына салынған алғашқы Олимпиада жолдамасы. 

Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.

1-орын: Yiting Jiang (Қытай) – 34 нысана;

2-орын: Che Yufei (Қытай) – 32 нысана;

3-орын: Monika Stibrava (Словакия).

Жаза кетейік, Әсем Орынбай – стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Оның еншісінде 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалі, сондай-ақ 2022 жылы Осиек қаласында өткен әлем чемпионатында командалық микст сайысында жеңіп алған қола жүлдесі бар.

Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу