Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң не үшін қажет екенін айтты

85

Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізіледі.

Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң не үшін қажет екенін айтты Фото: astanatv.kz

Мәжілісте "Қылмыстық кодекске және Қылмыстық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған құжат не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бапты енгіземіз. Ол "медицина қызметкері" және "жедел медициналық жәрдем жүргізушісі" деген арнайы субъектіні белгілейді. Скептиктерге бірден жауап берейін. Біз жаңа ештеңе ойлап тауып отырған жоқпыз. Қылмыстық кодексті ашып қарасақ, бізде дәл осылай, ерекше мәртебемен ерекше қорғалатын бірқатар мамандықтар бар. Бұл – полицейлер, құтқарушылар, арнайы қызмет және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (380-1-бап). Бұл – судьялар мен сот қызметкерлері, прокурорлар. Бұл – билік өкілдері: әкімдер, депутаттар, салық инспекторлары тағы басқа (380-бап)", – деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, қолданыстағы нормада егерьлер мен жануарлар инспекторларын қорғауға арналған жеке бап (380-2-бап) та бар.

"Егер егерьге шабуыл жасаса, қылмыскер арнайы бап бойынша қазіргі уақытта қатаң жазаланады. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Иә, бұл әділетті шешім. Ал егер адамның өмірін арашалап жатқан реаниматолог-дәрігерге шабуыл жасалса, бұл жай ғана даладағы бұзақылық сияқты жалпы негізде тергеледі. Бұл әділетті ме? Жауапкершілік өте жұмсақ. Бұзақы кішігірім айыппұлын төлеп, жайбарақат жүре береді", – деді мәжілісмен.

Асхат Аймағамбетов басқа мамандық иелеріне қарағанда дәрігердің өз жұмысының сапасы үшін қылмыстық жауапкершілігі бар екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу