Асхат Тағыбергеннің жаңа маусымда қай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

142

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген мансабын Қостанайдың "Тобыл" клубында жалғастырады.

Асхат Тағыбергеннің жаңа маусымда қай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

Тәжірибелі футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше командасы, соның ішінде павлодарлық "Ертіс" те қызығушылық танытқан. Алайда Тағыберген қазіргі командасында қалуды жөн көрді. Тараптар ортақ келісімге келді. Жақын арада "Тобыл" клубы өз көшбасшыларының бірімен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде жариялайды.

Бұған дейін Қызылорда тумасын "Ақтөбе" де өз қатарынa қайта қосуды көздеген болатын.

Айта кетейік, өткен маусымды Асхат Тағыберген "Ордабасы" сапында бастап, кейін "Тобылға" ауысты. 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Футболшы мансабында  "Қайсар" мен "Астана" сапында да өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасында 65 матчқа қатысып, 4 голдың авторы атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу