Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

902

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 

Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов 5 наурызда Бусто-Арсициода (Италия) өткен лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

"Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды. Шымбергенов сенімді түрде жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті",  делінген хабарламада.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Аралбай 2024 жылдың 4 наурызында Бусто-Арсициода бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 2024 жылдың 3 наурызында Сәкен Бибосынов Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйға тарту еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу