"Аспирин", "Анальгин": Депутат дәріханадан бұрын сұранысқа ие болған арзан дәрілер жоғалғанын айтты

285

Енді елімізде дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі жеңілдейді. 

"Аспирин", "Анальгин": Депутат дәріханадан бұрын сұранысқа ие болған арзан дәрілер жоғалғанын айтты Фото: Мәжіліс

Ғылым мәселелері бойынша түзетулер аясында дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін композиттік мемлекеттік қызмет форматында оңтайландыру нормалары мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Депутаттың сөзінше, дәрілік заттарды тіркеуді жеделдету маңызды.  

"Біз жақында дәріханалармен кездестік. Оларда қарапайым арзан дәрілер жоқ. Аспирин, димидрол, анальгин, ацикловир, фуросемид. Олар бұрын болды ғой. Өте арзан тұрды. Жол жабылып, енді олар әкелінбейді. Біз қымбатырақ дәрі-дәрмек сатып алуымыз үшін солай жасалды. Осы заң жобасы аясында өзгерістер жұмыс істейтін бола ма?", – деп сұрады Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.

Заң жобасы аясында Денсаулық сақтау министрлігіне фармацевтикалық компаниялардың өтінімдерін күтпей-ақ, Қазақстан үшін қажетті дәрілік заттарды тіркеуге өз бетінше өтінім беру құзыреті беріледі. Бұдан бөлек, дәрілік заттарды өндіруде қолданылатын заттар мен субстанциялардың сапасын бақылау тетігі енгізіледі.

"Цифрлық платформаның құны бұрын қағаз түрінде жүргізілген тіркеумен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қазіргі таңда нақты сомасын айта алмаймын, бірақ бұл цифрлық қызмет болғандықтан, бағасы айтарлықтай арзан. Біздің басты мақсатымыз – дәрі-дәрмекті тіркеу процесін жеделдетіп, нарықты барлық қажетті әрі сапалы препараттармен уақытылы қамтамасыз ету", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу