Қазақстан астанасына Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) мәліметі бойынша, бұл шешім Қазақстанда мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылықтың артуымен байланысты.
Бұған 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров қол жеткізген тарихи жетістік ерекше әсер етті. Ол Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді.
Сарапшылардың пікірінше, спортшының жеңісі Қазақстандағы мәнерлеп сырғанаудың дамуына серпін беріп, жастар арасында бұл спорт түріне деген қызығушылықты айтарлықтай арттырды.
Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан өтетін ең ірі халықаралық турнир болмақ.