Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді". – делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Назарларыңызға саламыз:
– барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді;
– түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.