"Астана" чемпиондық бәсекеге қайта оралды

726

Шымкентте 3 ұпай еншілеген "Астана" турнирлік кестеде екінші орында қалды.

"Астана" чемпиондық бәсекеге қайта оралды Фото: kazfootball.kz

"Астана" футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасының 23-турында сырт алаңда "Ордабасыны" жеңді. Кездесу Шымкентте өтті. 41-минутта Аслан Дарабаев қонақтарды алға шығарса, араға жиырма минут салып 18 жастағы Нұрәлі Жақсылықов "Астана" сапында ҚПЛ-дағы дебюттік голын соқты. Кездесу соңында "Ордабасы" сапынан Максим Федин пенальтиден мүлт кетпей, есеп айырмасын қысқартты - 1:2. Осы жеңістен кейін "Астана" 46 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. Бұл ретте турнирлік кестенің көшбасшысы "Ордабасы" астаналық клубтан үш ұпайға алда келеді.

Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы матчта "Астананың" "Ордабасыны" сырт алаңда жеңгеніне (2:1) қатысты пікір білдірді.

"Біріншіден, біз матч алдында жігіттермен сөйлестік. Загребте ойнаған футболшылар тобын Астанада қалдырдық. Жалпы саны сегіз адам қалды. Ал ойынға қатысқан жігіттерге бұны жаза ретінде қарастыруға болмайтынын айттым. Себебі он төрт күнде бес матч, сырт алаңда үш ойын және екі халықаралық ойын бар. Бұл жігіттерге ауыр жүк. Дәл осы себептерге байланысты осындай шешім қабылданды. Ең бастысы, біз жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледік. Бүгін осындағы тамаша атмосфераны атап өткім келеді: жанкүйерлер, стадион лық толы. Биыл нағыз футбол бумының болғаны мені қуантады. Бізді қолдауға келіп, осындай тамаша жұмыс атқарған жанкүйерлерімізге рахмет. Баршаңызға жеңіс құтты болсын, рахмет!" – деді елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян ойыннан кейін.

ҚПЛ-дағы еурокубок қатысушысымен өткен матч сенсациямен аяқталды. Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-ші турында "Тобыл" ФК талдықорғандық "Жетісуға" есе жіберді. Кездесу Қостанайда өтті. 34-минутта "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков пенальтиден есеп ашты. Алайда бірінші таймның соңында "Жетісудың" сербиялық шабуылшысы Анес Русевич жағдайды қалпына келтірді. Екінші таймда алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Нұрбол Нұрбергенге сәттілік жолдас болды. Ол 53-минутта дәл соққысымен командасына қонақта маңызды жеңісті сыйлады. Нәтижесінде "Жетісу" 28 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. "Тобыл" сегізінші орында қалды.

Ал "Атырау" ҚПЛ аутсайдерімен кездесуде ұпай жоғалтты. Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-туры аясында "Атырау" ФК көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең түсті. Командалардың кездесуі Көкшетауда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, қонақтар матчты он ойыншымен аяқтады. 74-минутта "Атырау" қорғаушысы Олжас Керімжанов екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осы ойыннан кейін 22 ұпайы бар "Оқжетпес" 12-орында аутсайдерлер қатарында болса, "Атырау" (30) жетінші орында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу