"Астана" еурокубоктағы жорығын бастайды

225

Елордалық ұжым өз алаңында ұпай алуға тырысады. 

"Астана" еурокубоктағы жорығын бастайды Фото: Астана ФК

Бүгін, 24 шілде күні "Астана" футбол клубы үшін жаңа еурокубоктық маусым басталады.

Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық команда өз алаңында Молдованың "Зимбру" клубын қабылдайды.

Көптен күткен бұл кездесу Астана Арена стадионында сағат 19:00-де басталады және қазақстандық жанкүйерлер үшін "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

"Астана" үшін бұл маусымдағы алғашқы халықаралық сынақ болмақ. Ел чемпиондары өз жанкүйерлері алдында жеңіске жетіп, келесі кезеңге сенімді қадам жасауды көздейді.

Айта кетейік, "Зимбру" оңай қарсылас емес. Аталмыш ұжым 8 рет Молдова чемпионы атанып, 6 мәрте Молдова кубогының иегері атанған.

Биылғы еурокубоктық маусымда Қазақстан атынан бастапқыда төрт клуб бақ сынаған. Алайда Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" грузиялық "Торпедоға" екі матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жол беріп, турнирден шығып қалды.

Чемпиондар лигасында ел намысын әзірге алматылық "Қайрат" қорғап келеді.

Ал "Ақтөбе" Еуропа лигасының бірінші кезеңінде польшалық "Легияға" 0:2 есебімен есе жіберіп, ендігі жолын Конференциялар лигасында жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу