Астана Еуропа Лигасына жолдама алды

565

"Астана" өз алаңында "Динамоға" жеңілді.

Астана Еуропа Лигасына жолдама алды

"Астана" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің екінші ойынын Загребтің "Динамосына" қарсы өткізді. Елордада өткен кездесу 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. 24-минутта Хорватия клубының әзірбайжандық шабуылшысы Махир Эмрели бірінші голды соқты. Ал 89-минутта Антонио Марин есепті еселей түсті. Гол соғатын бірнеше тамаша мүмкіндіктері болған "Астана" "Динамоның" осал тұсын таба алмады.

Бірінші ойында хорватиялық клуб 4:0 есебімен ірі жеңіске жеткен болатын. Енді елордалық клуб Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" "Лудогорецпен" кездеседі. Болгариялық ұжым словениялық "Олимпиямен" кездесуден кейін Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Кездесуден кейін елордалық команданың бас бапкері ойынға қатысты пікір білдірді.

"Бұл текетірестің қиын болғаны анық. Әсіресе бірінші матчтан кейін. Психологиялық тұрғыдан алғанда, ойыншыларымыз қысым көрді. Бірінші таймда анық болды. Біз басынан бастап қысым жасауды жоспарлағанбыз. Бізде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. 15-минуттан кейін өз ойынымызды көрсете алмадық. Амановичтың жарақатына байланысты ойыншы алмасты. Бұл қарсыласқа тағы бірнеше мүмкіндік жасауға себеп болды. Біз он ойыншымен қалдық. Үзіліске дейін шыдап, бір-екі алмастыру жасап, схеманы өзгерттік. Бізге жоғалтатын ештеңе қалған жоқ еді", - деді "Астананың" бас бапкері.  

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің ойындары 10 және 17 тамызға жоспарланған. Алғашқы ойын Қазақстанда, қарымта кездесу Болгарияда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу