"Астана" Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

797

Суперкубок ойынын тамашалау үшін бүгін "Астана-Арена" стадионына 7323 көрермен жиналды.

"Астана" Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

2023 жылдың маусымашар ойынында елордалық "Астана" шымкенттік "Ордабасыдан" басым түсті. Бірінші тайм қауіпті сәттерге толы болды. Алдымен "Астананың" қатарға жаңадан қосылған ойыншысы Алекса Аманнович жойқын соққымен әдемі гол соқты, бір минуттан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев Тағыберген берген пастан есепті теңестірді. Бірінші таймның соңында елордалық команданың шабуылшысы Дембо Дарбо өзінің дебюттік және команда үшін жеңісті голын соқты.

Ойынның екінші кезеңінде қос команда есепті өзгертуге мүмкіндіктер жасады. Бірақ гол соғылған жоқ. Кездесудің қорытындысы – "Астана" минималды есеппен жеңіске жетті.

Осылайша, "Астана" өз тарихында алтыншы рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Келесі апта, 4-5 наурыз күндері Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары басталады.

"Астана" - "Ордабасы" - 2:1

Голдар: Алекса Аманович 8, Дембо Дарбо 38 пенальтимен-Еркебұлан Тұңғышбаев 9

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу