"Астана" командасының бас спорт директоры қызметіне қайта оралды

1116

Жаңа маусымға елордалық велокоманда мықты құрам жасақтауда. "Астана" тек әлемдегі ең мықты шабандоздармен ғана келісім жасап қоймай, тәжірибелі мамандарды да қайта қатарға қосты. Солардың бірі Александр Шефер.

"Астана" командасының бас спорт директоры қызметіне қайта оралды

Қазақстандық маман, "Астана" жобасының тарихындағы ең тәжірибелі және табысты директорлардың бірі Александр Шефер 2022 жылы "Astana Qazaqstan Team" командасына бас спорт директоры ретінде оралады.

Өткен маусымда Александр Шефер ресейлік "Gazprom-Rusvelo" кәсіпқой командасымен жұмыс істеді. 2022 жылға арналған келісім-шарты бар болғанына қарамастан, командалар Александр Шеферді "Astana Qazaqstan Team" командасына қайтару туралы өзара келісімге келді.

"Мен жобадан тыс өткізген бір жылдан кейін "Astana Qazaqstan Team" командасымен қайта қосылғаныма өте қуаныштымын. Жаңа маусым басталар алдында өзімді қуатты әрі шабытқа толы сезінемін. "Gazprom-Rusvelo" басшылығына командада өткізген уақытым үшін, онда алған жаңа тәжірибем және "Astana Qazaqstan Team" командасына оралуыма түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамын. Мен мұны бағалаймын. Алда жаңа маусым. Командада өзгерістер көп болады. Алға жаңа мақсаттар қойылады. Мен Александр Винокуровпен және көптеген жылдар бойы білетін барлық әріптестеріммен жұмыс істеуді асыға күтемін", – деді Александр Шефер.

"Астананың негізгі директорларының бірі Александрдың біздің командаға оралғанына өте қуаныштымын. Жаңа маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Команданы жаңа міндеттер мен жаңа мақсаттарға дайындау үшін атқарылатын жұмыстар көп. Александр Шефердің келуі біздің спорт директорлар тобын нығайтып, команданың жеңіс жолына оралуына көмектесетініне сенімдімін",  деді "Astana Qazaqstan Team" бас менеджері Александр Винокуров.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу