"Астана" Қазақстан чемпионатында көш бастады

1626

"Астана" күтпеген жерден Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастады.

"Астана" Қазақстан чемпионатында көш бастады

"Астана" Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында "Атырауды" қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Григорий Бабаян шәкірттері өз жанкүйерлерін кезекті ірі жеңісімен қуантты – 5:1. Елордалық клуб ойыншыларынан португалиялық Педро Эуженио хет-трик (қазір ол 16 голмен лиганың үздік сұрмергені) жасаса, Абат Айымбетов пен Марин Томасовтар бір голдан соқты. Қонақтар сапынан Павел Долгов көзге түсті.

Қазір 47 ұпай жинаған "Астана" ҚПЛ-2022 турнирінде бірінші орында тұр. Дегенмен бүгін, 24 қазанда "Ақтөбе" "Тұраннан" басым түссе, көшбасшылық позициясын қайтарып алуы мүмкін.

Ал "Қызыл-Жар" Оралда жергілікті "Ақжайықпен" тең ойнады. Қазақстан чемпионатының 24-туры аясындағы матчта "Қызыл-Жарды" жеңе алмаған "Ақжайық" өз алаңындағы кездесуді 2:2 есебімен аяқтады. Бірінші таймда оралдықтар ойынды сәтті бастап, 22-минутта екі гол соғып, Тома Табатадзе мен Лука Имнадзе, ал "Қызылжар" сапынан Элгуджа Лобжанидзе бір гол соқты. Екінші таймның 88-минутында "Қызылжар" ойыншысы Павел Яковлев есепті теңестіріп, "Ақжайықты" турнир кестесінде соңғы орында қалдырды. Қазіргі таңда оралдықтардың еншісінде 24 ұпай болса, "Қызылжардың" активінде 27 ұпай бар.

"Мақтаарал" кезекті матчта өз алаңында "Тобылдан" айласын асырды. "Түркістан-Аренада" өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Матчтың бірінші таймында Константин Горовенко шәкірттері Алексей Носко мен Рамазан Кәрімовтің арқасында екі гол соқты. Үзілістен кейін ел чемпиондары бір гол соқты. Қостанайлық футболшылардан Владислав Васильев көзге түсті. Сонымен қатар, Серікжан Мужиков ойын соңында қызыл қағаз алды. Бірақ "Тобыл" жеңілістен қашып құтыла алмады. Осылайша оның чемпиондықта деген мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді. Осылайша "Мақтаарал" аутсайдерлер аймағынан шықты. Қазір ҚПЛ дебютантында 27 ұпай бар.

Қазақстан чемпионатының 24-туры аясындағы ойында "Қайрат" сырт алаңда "Шахтерді" ұтып, қола жүлдеге мүмкіндігін сақтап қалды. Қарағандыда өткен кездесу 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бірінші таймда алматылық клубтың шабуылшысы Артур Шушеначев гол соқты. Үзілістен кейін алматылық шабуылшы бұрыштан берілген пасты сәтті орындап, дубль авторы атанды. "Қайраттың" қазір 39 ұпайы бар және "Тобылдан" екі ұпайға артта қалып, төртінші орында тұр. "Шахтер" жеңілістер сериясын бес ойынға дейін ұзартты. Соңғы рет Вахид Масудов шәкірттері 10 қыркүйекте үш ұпай жинады.

Бүгін, 24 қазанда Премьер-Лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 24-ші турының тағы үш ойыны өтеді. 15:00-де "Тараз" "Каспийді" қабылдайды. Сағат 17:00-де "Ақсу" - "Ордабасы" ойыны басталады. Ал сағат 19:00-де "Ақтөбе" өз стадионында "Тұранға" қарсы ойын өткізіп, "Астанадан" көшбасшылықты қайтарып алуға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу