"Астана LRT" ісі бойынша сот үкімі шықты

1786

Аты шулы "Астана LRT" ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Астана LRT" ісі бойынша сот үкімі шықты

Судья Қажымұқан Мекемтастың үкімімен:

Рашид Аманжолов (Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бұрынғы басшысы) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті билік органдарында еңбек ету құқығынан айырылды.

Жанат Нұрпейісов (Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы әрі депутаты) кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті билік органдарында еңбек ету құқығынан, сонымен бірге "Құрмет" орденінен айырылды.

Талғат Әшім (Astana Innovations бұрынғы басшысы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Әшім де мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті билік органдарында еңбек ету құқығынан айырылды. Талғат Әшім сот залынан қамауға алынды.

Ұлықбек Ачилов (мердігердің өкілі) кінәлі деп танылып, 8 жылға бос бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Тимур Қасабаев (мердігердің өкілі) кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Дулат Мүсенов (мердігердің өкілі) 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Дәурен Әбдіхамитов (мердігердің өкілі) кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының мүлкі тәркіленді. Сот Әбдіхамитовты сонымен қатар 15 млн 800 мың теңге өтеуді міндеттеді. Әбдіхамитов сот залынан қамауға алынды.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша сотталғандар мемлекет есебіне үлескерлік тәртіпте миллиондаған қаражатты қайтарып беретін болды.

Айта кетсек Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бұған дейінгі отырысында прокурор Диас Янгалышев айыпталушыларға 7-11 жыл аралығында жаза беруді сұраған еді. Сотталушыларға 5,8 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.

Аян Бекенұлы


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу