"Астана" маусымдағы соңғы ойында жеңіліс тапты

2002

Бүгін, 19 желтоқсан "Астана" баскетбол клубы осы маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасындағы соңғы ойынды "Парма" командасына қарсы өткізді.

"Астана" маусымдағы соңғы ойында жеңіліс тапты

"Парма" 2012 жылы Пермь қаласында құрылған ресейлік кәсіпқой ерлер баскетбол клубы. Осы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасына қатысумен қатар, команда Еуропа кубогінде өнер көрсетті. Команда 2015/2016, 2018/2019 жылдағы маусымда Ресей кубогінің иегері, 2016/2017 жылғы Ресей кубогінің қола жүлдегері, 2015/2016 жылғы Суперлиганың қола жүлдегері атанса, 2021 жылы Еуропа кубогінің финалына дейін жетті.

"Парма" жеті матчта үш жеңіске жетіп, ВТБ Бірыңғай лигасының турнирлік кестесінде жетінші орынға жайғасты. Олар биылғы маусымды сырт алаңда беларусиялық команданы жеңумен бастады. Содан кейін пермьдіктер қатарынан үш рет жеңіліс тауып, өз алаңында ЦСКА, "Уникс", "NN" командаларына есе жіберді.

Елордалық команда мен Пермь қаласының құрамасы бұған дейін өзара 9 рет кездескен екен. Өткен маусымда командалар бір-бір ойында жеңіске жетті. Жалпы кездесулер қорытындысы бойынша "Астана" 6:3 есебімен көш бастады.

Ал бұл жолы "Астана" баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатындағы кездесуде үшінші овертаймда жеңіліп қалды. Пермьде өткен кездесу 108:101 (24:24, 17:14, 19:20, 16:18, 32:25) есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Джеремайя Хилл 32 ұпаймен нәтижелі өнер көрсетті. "Астана" сапында Энтони Хики (28 ұпай + 10 нәтижелі пас) пен Скайлар Спенсер (14 ұпай + 14 доп) дабл-дабл жасады. Джейлен Берфорд 28 ұпай жинады.

Осылайша, "Астана" қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады. Ал "Парма" соңғы бес ойында үшінші рет жеңіске жетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу