"Астана" мен "Қайрат" футболдан ел кубогында сенсацияға себеп болды

Кеше 1/8 финал аясындағы 5 ойын өтті. 

"Астана" мен "Қайрат" футболдан ел кубогында сенсацияға себеп болды Фото: kazfootball.kz

Матч қорытындысында "Жеңіс", "Жетісу", "Қызылжар", "Қайсар" және "Тобыл" командалары жүлде үшін жорықты жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ойындарда сенсациялық оқиғалар тіркелді. Мысалы, "Қайрат" футбол клубы қызылордалық "Қайсардан" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ алға шықты әрі екінші таймда басымдылығын арттыра түсті. "Қайрат" тек қосымша уақытта ғана бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. 

Сол секілді, "Астана" өз алаңында "Тобылдан" (1:2) үш ұпай ала алмады. Қостанайлықтар матч соңында он бір метрлік айып соққысын сәтті орындап, жеңіс тойын тойлады. 
Қазақстан кубогы – 2026, 1/8 финал матчтары:

Оқжетпес (Көкшетау) – Жеңіс (Астана) 2:3 (1:1). Голдар: Ульшин 14 (0:1), Абдуманнонов 20 (1:1), Тұрсынбай 65 (1:2), Сантана 83 (1:3), Жаңғылышбай 90+4 (2:3);

Ертіс (Павлодар) – Қызылжар (Петропавл) 1:2 (1:1). Голдар: Сламбеков 23 (0:1), Тұрлыбек 30 (1:2), Галабов 59 (1:2);

Атырау – Жетісу (Талдықорған) 0:2 (0:0). Голдар: Бірқұрманов 48 (0:1), Йованович (0:2);

Астана – Тобыл (Қостанай) 1:2 (0:1). Голдар: Талал 7 (0:1), Әнуаров 80 (1:1), Жұмашев 87 (пен) (1:2);

Қайсар (Қызылорда) – Қайрат (Алматы) 2:1 (1:0). Голдар: Қалдыбеков 4 (1:0), Тәжібай 61 (2:0), Тұяқбаев 90+3 (2:1).

Қазақстан Кубогы – 2026, 1/4 финал ойындары:

Тобыл (Қостанай) – Қайсар (Қызылорда);
Жеңіс (Астана) – Қызылжар (Петропавл);
Жетісу (Талдықорған) – Ордабасы/Каспий;
Алтай/Ұлытау – Ақтөбе/Елім-ай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу