"Астана" мен "Тобыл" алғашқы турда жеңе ала ма?

1002

Бұл матчта фаворит біреу, ол – "Астана".  

"Астана" мен "Тобыл" алғашқы турда жеңе ала ма?

Оған дау айтатын адам жоқ шығар. Суперкубокты жеңген команда керемет көңіл күймен біріншілікті бастап кетпекші. Уррега мен Дарбо, Аманович пен Томашевич секілді сапалы легионерлері бар елордалық ұжым қарағандылықтардан басым түсуі тиіс. Абат Айымбетов секілді ойыншысы қосалқы құрамда отырған соң өздеріңіз түсіне беріңіздер.

"Шахтер" аса қатты күшейе алған жоқ. Мұртазаев кеткісі келіп, командаға қайта оралды. Каньяс сенімділігінен тайқымай "кеншілер" қатарында қалды. Қақпашы Игорь Щацкийдің сейвтеріне қашанға сеніп отыра бермек? Шамасы биыл "Шахтер" премьер-лигадан шығып қалмаудың әдетін қарастыратын сыңайлы. Ал ол мақсат биыл өте қиын болады. Себебі, ҚПЛден үш команда шығып кетеді. Чемпионаттың алғашқы турында "Астана Аренада" Қарағанды қаласының командасына қиын болары сөзсіз.

"Тобыл" - "Ақсу"

Ешқандай саяси күштер араласпайтын әділ матч күтеміз.

"Тобыл" облыс әкімі қызметтен кеткен соң бірден әлсіреді. Архимед Мұхамбетов қазір бұл командаға көмектесе алмайды. Себебі Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мырза. Ал ол кісі Архимед Бегжанұлы секілді футбол фанаты емес. Сербиялық агент Владица Чурчич бұл команданың жасақталуына зор үлес қосты. Мысалы, команданың бас бапкері оның ағасы Милич Чурчич. Командаға алынған футболшылар Йован Илич пен Асмир Сульич. Өткен маусымнан қалған Мильян Вукадиновичті қоса кетіңіз. Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеевтің қалғаны әйтеуір сенім береді. Иуарлық шабуылшы Серж Дебле биыл өзін көрсетуі тиіс. Қапада – Ақмұрзин. Серікжан Мужиков те ешқайда ауыспады.

"Ақсу" командасы қорғанысқа Елдос Ахметовты алды. Ол ескі танысы Обилормен бірге жұп құрайды. Бұл екі қорғаушы кезінде "Таразда" ойнады. Ортаға Оразов шақыртылды. Артур Мурза мен Гонсало Гедеш шабуылға жауап бермек. Әлбетте оларға Тони Сильва көмектесері анық. Қосалқы құрамда талантты жастар бар. Дамир Марат, Мирас Тұрлыбек, Әлішер Сүлей мен Дінмұхамед Қараман деген футболшылар алаңға алмасып енсе, көзге түсетіні белгілі.

Жалпы алғанда алғашқы турда бұл екі командадан тең нәтиже күтеміз. Себебі, командалардың ойын деңгейі біркелкі. Алаң иелері жанкүйер қолдауымен алға ұмтылса да, баса-көктеп басымдылық көрсете алмайтындай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу