"Astana Pro Team" шабандозынан коронавирус анықталды

1509

COVID-19 вирусына сынама тапсырған "Астананың" канадалық легионері Уго Ульден коронавирус анықталды.

"Astana Pro Team" шабандозынан коронавирус анықталды

Бұл туралы Уго Уль канадалық LaPresse басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Шабандоздың айтуынша ауру симптомсыз өтуде. Дегенмен ол 5-9 тамыз аралығында өткен "Польша Турының" алдында коронавирусқа тест тапсырған  және екі сынамадан да вирус анықталмаған еді.

"Қонақ үйде немесе көлікте жұқтырған болуым керек, - деді Уго. Ол асханада жұқтыруы мүмкін екенін де қоса кетті. – Буфетке барып тұрамын. Ешкім бұл аурудан алдын ала сақтандырылған емес. Мысалы, аспаз да коронавирустің симптомсыз түрімен ауыруы мүмкін. Менде әдеттен тыс шаршау, дене қызуы, жөтел, өкпемде ауру сезімі жоқ, тәбетім де жақсы", - деді ол.

Cyclingnews-тың хабарлауы бойынша "Астананың" басқа шабандоздарынан коронавирус табылған жоқ. Карантиннен кейін веломаусым қайта жалғасқан соң Уго Уль шілде айының соңында екі жарыста бақ сынады. 1-тамыз күні біркүндік "Страде Бьянкаға" қатысты. Ол жақта Уго 29-нәтиже, ал 5-9 тамыз аралығында өткен "Польша турында" жалпы есепте 24-нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар канадалық легионер монументальді "Ломбардия Туры" біркүндігіне қатысады деп хабарланғанымен, жарыстың қорытынды протоколындағы тізімде оның аты-жөні болмады.

"Страде Бьянке" веложарысына Уго Ульмен  бірге оның әріптестерінен дат шабандозы Якоб Фульсанг, қазақстандық Алексей Луценко, испаниялық  Йон және Горка Исагиррелер және италиялық легионерлерден Мануэле Боаро мен Фабио Феллине қатысқан еді.

Ал, "Польша Турында" канадалық легионермен бірге "Астана" шабандоздарынан Якоб Фулсьанг, қазақстандықтардан Юрий Натаров пен Евгений Гидич, испаниялық Йон Исагирре, бельгиялық Лоуренс де Вриз және дат шабандозы Йонас Грегаард Вилслилер сайысқа түскен.

Естеріңізге сала кетсек, коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін қазақстандық клуб шабандоздардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында алғашқылардың бірі болып веложарыстарға қатысудан бас тартқан болатын.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу