Astana Qazaqstan Team неміс шабандозымен толықты

607

Макс Кантер 2018 жылы Германия чемпионатында жастар арасындағы топтық жарыста чемпион атанған.

Astana Qazaqstan Team неміс шабандозымен толықты Фото: marca.com

Astana Qazaqstan Team алдағы екі маусымда командада (2024 және 2025) өнер көрсететін неміс спринтері Макс Кантермен (25) толықты.

"Бұл ауысым мен үшін жақсы болды. Astana Qazaqstan Team - велоспортта тамаша және табысты тарихы бар команда. Велоспорттағы мансабымды енді бастаған кезімнен Астана есімде. Бұл көп жеңіске жеткен команда болатын. Командаға ауысу мен үшін үлкен қадам және  дұрыс шешім деп ойлаймын. Астанамен бірге елеулі нәтижелерге қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Бұл трансфер менің шабандоз ретіндегі дамуымды білдіреді. Сонымен қатар команда жүріп өткен жолдың жалғасы – спринт бағытының даму жолы. Мен командаға спринтте алға жылжуға көмектесуге дайынмын және асыға күтемін", - деді Макс Кантер.

Макс Кантер жасөспірімдер деңгейінде де, "андерлер" арасында да белгілі бір жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен, 2018 жылы шабандоз Германия чемпионатында жастар арасындағы топтық жарыста чемпион атанса, "Тур де л’Авенир" жастар жарысының кезеңдерінің бірінде жеңіске жетті және "Фландрия турының" жастар нұсқасында мәреге екінші болып келді.

Кәсіпқойлар деңгейіне өткен соң Макс Кантер 2020 жылы "Испания Вуэльтасында" екі кезеңде үшінші нәтиже көрсетті. "Гуйкси Пил" және "Примус Классик"  бір күндік жарыстарында үшінші орынға ие болды. Ал 2022 жылы "Милан-Турин" классикалық жарысында мәреге төртінші болып келді.

Ағымдағы маусымда Кантер негізінен командасындағы басқа шабандоздарға көмек көрсетті. Сонымен қатар "Сауд Арабиясы турында", "Оман турында" және "Париж-Ниццада" 10 үздіктің қатарында болды.

"Біз Максты мықты және болашағы зор спринтер ретінде білеміз. Ол жастар деңгейінде және кәсіби мансабының басында сәтті өнер көрсетті. Бірақ, кейін ол өзінің мүмкіндігін толық көрсете алмады. Енді біз Максқа мүмкіндік беруге, бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Өйткені ол өз күшімен табысқа жете алады деп сенеміз. Әрине, біз сондай-ақ белгілі бір жарыстарда қажет жерде басқа спринттерге көмектесе алады деп ойлаймыз. Мен бұл Astana Qazaqstan Team үшін жақсы трансфер деп айта аламын. Шабандоздың командаға ауысуы бізге мықты әрі табысты спринтерлік топ құру бойынша жұмысымызды жалғастыруға көмектеседі", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу