"Astana Qazaqstan Team" жаңа маусымға арналған жарыс кестесін жариялады

1631

Испанияның Алтеа қаласында өткен маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында Astana Qazaqstan Team өз көшбасшыларының жарыс бағдарламаларын әзірледі.

"Astana Qazaqstan Team" жаңа маусымға арналған жарыс кестесін жариялады

Барлық команда көшбасшылары 2022 жылғы маусымды Еуропада, яғни Испанияда немесе Португалияда өтетін жарыстардан бастайды. Мигель Анхель Лопес, Винченцо Нибали және Давид Де Ла Крус "Джиро д'Италияға" қатысады. Ал Алексей Луценко Нибалимен, Лопес және Джанни Москондармен бірге "Тур де Франс" жарысында бақ сынайды. "Испания Вуэльтасында" командада Давид Де Ла Крус көшбасшы болады деп жоспарлануда.

Ел чемпионы Алексей Луценко маусымды бір күндік "Хаэн Параисо Интериор" веложарысынан бастап, "Андалусия Вуэльтасы", "Омлууп Хет Ньюзблад", "Париж – Ницца" сайыстары арқылы Солтүстік классикасына дайындалады. Ал "Тур де Франс" оның жаңа маусымдағы басты мақсаты болмақ.

Винченцо Нибали "Валенсия Вуэльтасы" көпкүндігінде тағы да Astana Qazaqstan Team жейдесін киеді. Тиррено-Адриатико, Милан-Сан-Ремо және Альпі туры оның "Джиро д'Италияға" бастар жолы болмақ. Содан кейін ол "Тур де Франсқа" қатысады. Маусымды "Хаэн Параисо Интериор" және "Андалусия Вуэльтасынан" бастайтын Мигель Анхель Лопес "Джиро д'Италияда" команда көшбасшысы ретінде жұмыс атқарса, содан кейін "Тур де Франста" бағын сынап көрмек.

Солтүстік классикалық жарыстарда Джанни Москон команданы басқарады. Маусымды "Вольте Альгарве" және "Омлууп Хет Ньюзбладтан" бастап, "Тиррено-Адриатико" және тастақты жолда өтетін "Арденн классикасына" бет бұрады. Шабандоздың "Тур де Франсқа" да қатысу жоспарында бар. Ал Давид Де Ла Крус жаңа маусымды "Валенсия Вуэльтасынан" бастап, содан кейін "БАӘ турында" және "Париж Ниццада" сынға түседі. "Джиро д'Италияда" ол команда көшбасшысына көмектессе, "Испания Вуэльтасында" өзі көшбасшы болады.

Айта кетейік, биылғы жылы атауын өзгерткен елордалық велокоманда жаңа тәжірибелі шабандоздармен толықты. Олар жаңа маусымда әлемдік турдың жарыстарында ел намысын қорғайтын болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу