"Астана" сенімді түрде жеңіске жетті

1494

Турнирлік кестеде "Қайрат" көш бастаса, Тихоновтың шәкірттері екінші орынға көтерілді.

"Астана" сенімді түрде жеңіске жетті

Елордалық "Астана" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында "Каспийді" қабылдады. "Астана Аренада" өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойынның 17-минутында Макс Эбонг есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Марин Томасов пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады. Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген Тихонов шәкірттері турнирлік кестеде 4 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Қызылордалық "Қайсар" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында ел чемпиондары "Қайратпен" кездесті. Ғани Мұратбаев стадионында өткен матчта алматылық клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Вагнер Лав есеп ашты. Ал 62-минутта Камо Оганесян есепті еселеді. 77-минутта "Қайраттың" жас таланты Данияр Үсенов Премьер-лигадағы дебюттік голын соғып, ойынның нүктесін қойды. Үш ұпайға еш қиындықсыз қол жеткізген Шпилевский шәкірттері 6 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастады. Ал "Қайсар" екі матчта да жеңіліске ұшырады.

Сонымен қатар бүгін "Тараз" клубы Премьер-лиганың екінші туры аясында петропавлдық "Қызыл-Жар" клубын қабылдады. Тараз қаласындағы Орталық стадионда өткен кездесу тең есеппен аяқталды. Бұл матчта біз бірде-бір гол көре алмадық. Есесіне бұл матчтың бас қазысы Денис Тевяшов бес сары қағаз көрсетті.

Бір ұпайды қанағат еткен жамбылдық клуб 4 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты. Ал Андрей Карпович шәкірттері алтыншы орында тұр. Еске салайық, "Қызыл-Жардың" бірінші турдағы "Ордабасымен" болатын ойыны кейінге қалдырылған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу