"Астана" шабандозы "Лангкави турының" екінші кезеңінде жеңіске жетті

668

Елордалық велокоманда шабандоздары Әлемдік тур аясында Малайзияда өтіп жатқан көпкүндікте сынға түсуде.

"Астана" шабандозы "Лангкави турының" екінші кезеңінде жеңіске жетті Фото: Sprint Cycling

Малайзиялық "Лангкави туры" көпкүндігіндегі жаңа күн және жаңа спринт. Жарыстың екінші кезеңінде Astana Qazaqstan Team өкілі Глеб Сырица мәреге небәрі 100 метр қалғанда жарыс көшбасшысы және кешегі кезең жеңімпазы Арвида Де Кляйна бастаған жойқын спринттен кейін жеңімпаз атанды.

"Сонымен, бүгін бәрі ойдағыдай өтті. Мен кешегі спринттен сабақ алдым. Кезең өте қарапайым болды. Бірақ, аптап ыстық пен жоғары ылғалдылық әсіресе мен үшін кезеңді айтарлықтай қиындатты. Себебі салқын және жаңбырлы ауа-райын ұнатамын. Дегенмен, команда мен үшін тағы да көп жұмыс жасады. Сондықтан финалдық спринтте бар күшімді және сергектіктікті сақтай алдым.

Әр 15-20 шақырым сайын жігіттер маған суық су мен мұз әкелді. Бұл маңызды болды және ауа райымен күресуге жақсы көмектесті. Әріптестерімнің бүгінгі жарысты қалай өткізгеніне көңілім толады – олар үнемі жанымда болды, мені қолдады, пелотон ішінде еш қиындықсыз жүруіме көмектесті. Сонымен қатар жарысты бақылауда ұстап, көшбасшыларды қуып жетті. Сондықтан менің финалға деген жоспарым қарапайым болды. Басты мақсат кешегі қателікті болдырмау еді. Нәтижесінде бәрі керемет өтті", - деді Глеб Сырица.

Екінші кезеңнен кейін Глеб Сырица "Лангкави турының" жалпы есебінде екінші орынға көтерілді. Бүгін үшінші кезең Джели мен Байлинг таулы аймағы арасындағы тас жолдарда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу