XDS Astana Team велошабандозы Макс Кантер "Париж-Ницца" көпкүндігінің екінші кезеңінде жеңіске жетті. Ол командаласы Майк Тениссеннің соңғы шақырымдағы тамаша көмегінің арқасында жаппай спринтте бірінші болып мәреге келді.
Бұл Кантердің Әлемдік турдағы алғашқы жеңісі. Ал XDS Astana Team үшін 2026 маусымындағы осы деңгейдегі алғашқы жеңіс.
Макс Кантер командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Бұл жеңіс - менің арманымның орындалуы. “Париж-Ницца” өте беделді жарыс. Соңғы апталар мен үшін қиын өтті. Бірақ бүгін бәрі сәтті болды. Соңғы шақырымдарда Майк Тениссен мені алға шығарды. Мен бар күшімді салып, жеңіске жеттім. Командама үлкен рақмет!", - деді Макс Кантер.
Айта кетейік, бұл жарыста қазақстандық велошабандоздардан Макс Кантермен қатар Никола Кончи, Евгений Федоров, Харольд Техада, Майк Тениссен, Даррен Ван Беккум, Николя Винокуров өнер көрсетуде.