"Астана" загребтік "Динамодан" ірі есеппен жеңілді

1456

Хорватия астанасы Загребте жергілікті "Динамо" мен "Астана" командалары кездесті.

"Астана" загребтік "Динамодан" ірі есеппен жеңілді Фото: kazfootball.kz

Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші туры аясында өткен матчта фаворит саналған алаң иелері бұл мәртебені дәлелдей білді. "Максимир" стадионында өткен кездесу 5:1 есебімен "Динамо" командасының жеңісімен аяқталды. Кездесудің 43-минутында "Астананың" шабуылшысы Дембо Дарбоның ереже бұзды. Нәтижесінде польшалық төреші белгілеген пенальтиді Бруно Петкович орындады.

53-минутта шабуылшы Петкович тағы бір пенальти орындап, дубль аторы атанды. Бұл жолы төреші қонаққа келген қорғаушы Вараздат Ароянның фолынан кейін пенальти белгіледі. Ал тағы бес минуттан кейін алаң иелері есепті арттырып, Марко Булат тура айып алаңынан гол соқты.

Матчтың 78-минутында қорғаушы Камо Оганесян оң жақ жартылай қапталдан жүгіріп өтіп, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 85-ші минутта "Динамо" тағы да үш доп басымдығын қалпына келтірді. Гол авторы Антонио Марин. Сондай-ақ екінші таймда алаңға шыққан Тибор Халилович та көзге түсті. Қорытынды есеп 5:1.

Бұл жеңістен кейін "Динамо" үш ұпай еншілесе, "Астананың" әзірге ұпайы жоқ. Ал С тобының тағы бір ойынында чехиялық "Виктория" косоволық "Балканиды" (1:0) минималды есеппен ұтты.

Айта кетейік, "Астана" келесі ойынын жексенбі, 27 қыркүйекте өткізеді. Григорий Бабаян шәкірттері ҚПЛ аясында биылғы маусымның көшбасшысы - ордабасылықтармен сырт алаңда кездеседі. Сондай-ақ елордалықтар келесі еурокубок матчын 5 қазанда өз алаңында "Викторияға" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу