"Астана" жаңа талантпен толықты

2099

Колумбияның жас дарынды велошабандозы Харольд Техада Канакуэ Әлемдік тур командасы "Астанаға" ауысты.

"Астана" жаңа талантпен толықты

Ол енді 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2 жыл бойы елордалық ұжымның намысын қорғамақ.

- Мен үшін "Астана" секілді командадан келген ұсыныс шындыққа айналған түс сияқты. Жастайымнан осы командаға жанкүйер болып, "Астана" сапында өнер көрсетсем екен деп армандадым. Осындай жағдайды жасаған Александр Винокуровке алғысым шексіз. Мен өте ғажайып командаға келіп отырмын. Естуімше мұндағы ішкі байланыс өте тамаша екен. Үлкен бір отбасының мүшесі болғаныма қуаныштымын. Енді тек маған артылған сенімді ақтау үшін барымды саламын, - деді Харольд Техада.

Харольд Техада Канакуэ, 22 жаста, Medellin деп аталатын құрлықтық командадан ауысып отыр. Биыл ол Колумбияның жастар арасындағы топтық және жекелей жарысында да топ жарды. Сондай-ақ ол "Доминикасын Республикасының вуэльтасында" жастар арасындағы үздік шабандоз атанып, сонымен бірге жалпы есепте 4-орын иемденді. Ал Пан-Америка чемпионатында жекелей сында 6-шы, топтық бәсекеде 8-орыннан көрінді. Кәсіпқой деңгейде ол "Колумбия туры" жарысына қатысты. Онда ол үздік 20 шабандоздың қатарында болды.

Бірнеше күннен кейін Харольд Техада "Тур де л’Авенир" жарысына Колумбия құрамасының намысын қорғап қатысады.

- Харольд Техада – болашағы зор жас шабандоз. Ол енді Әлемдік тур командасында өзін қалай көрсетері қызық болып тұр. Ол біздің Мигель Анхель Лопес жеңіске жеткен Колубмбия біріншілігінде бізді таңқалдырды. Техада жекелей жарыста да, таулы аймақта да өзін жақсы сезінеді екен. Алдағы екі маусымда біз оны дайындап көреміз. Бабы келіссе шабайын деп тұрған сыңайлы. "Тур де л’Авенир" секілді жастарға арналған жарыста оған сәттілік тілейміз, - деді "Астана" командасының бас менеджері Александр Винокуров.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу