"Астана" жаңа велошабандоз алды

2323

"Астана" велоклубы италиялық шабандоз Давиде Мартинеллимен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.

"Астана" жаңа велошабандоз алды

Ол 2020 жылдың 1 қаңтаранын бастап бір жыл бойы елордалық команда намысын қорғайды.

"Мен осындай танымал әрі атақты команда сапына ауысқаныма дән ризамын. Маған сенім артқан Александр Винокуровке алғыс айтқым келеді. Мен енді үлкен ұжымда жүріп өзімнің бар тынысымды ашып, жоғарғы жетістіктерге ұмтыламын. Мені мұнда команда ішіндегі бауырмалдылық күтіп тұр. Осы кезге дейін маған қолдау көрсеткен Deceuninck – Quick Step командасына да рақметімді айтамын. Енді мен спорттық ғұмырымның ең маңызды бөлігіне қадам бастым" деді Давиде Мартинелли.

Давиде Мартинелли (26 жас) – италиялық талантты шабандоз. Ол біркүндік жарыстарда алдына жан салмайды. Оның үздік нәтижелерінің ішінде Италияның жастар арасындағы алтын медаль мен 2015 жылғы Еуропа чемпионатындағы қола жүлде бар. Сондай-ақ Давиде "Польша туры" мен "Прованс турында" (2016 ж) кезеңдерде жеңіске жетті. Ол бұрынғы командасымен бірге 2018-2019 жылдары Hammer Limburg жарысын екі жыл қатарынан жеңген еді.

Осы аптада Давиде Мартинелли Голландияда өтетін Әлем чемпионатында Италияның намысын қорғайтын болады.

"Біз Давиде Мартинеллиден үлкен болашақ күтіп отырмыз. Ол ең алдымен бізге классикалық біркүндік жарыстарда көп қолғабыс етуге тиіс. Ол осыған дейін дәл осындай жарыстарға мамандандырылған командада өнер көрсетті. Жастығына қарамастан, сол ұжымда жүріп біршама тәжірибие де алып үлгерді. Біздің командада сол ісін жалғастырып кәсіпқой велошабандоз ретінде дами түседі деген ойдамын.Мен Давиденің "Астана" сапына ауысқанына қуаныштымын", – деді "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу