"Астана" "Жетісудан" жеңіліп қалды

2851

Ел чемпионы сырт алаңда ұпай жоғалтты. Енді елордалықтардың чемпион болуы қиындай түсті.

"Астана" "Жетісудан" жеңіліп қалды

"Манчестер Юнайтедпен" кездескеннен кейін, Талдықорғанға қонаққа барған 5 дүркін ел чемпионы ойынның 7-минутында есеп ашып алға шықты. Румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариу гол авторы атанды. Алайда екінші таймда алаң иелері ес жиып шабуылға шықты. Руслан Степанюктің пасынан соң Мартин Тошев гол салып, таразы басын теңестірді. Сосын алаңға алмасып кірген Айбар Жақсылықов жеке шеберлігінің арқасында "Астананың" екі қорғаушысынан өтіп, допты қақпашы Эричтің төбесінен асыра салды. Леонель Мессидің мәнерінде салынған бұл гол кішігірім сенсацияны болды. "Астананың" чемпиондық таластағы жағдайы қиындай түсті. Себебі "Тобыл" мен "Қайрат" осы турда кезекті үш ұпайларын алған еді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу