Астанада 100-ге жуық қария спорттық флешмобқа қатысты

157

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.  

Астанада 100-ге жуық қария спорттық флешмобқа қатысты Фото: Astana news

Астанада Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттар – біздің қазынамыз" атты спорттық флешмоб өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған Есіл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 100-ге жуық өкілі қатысты.

Іс-шараны қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы Есіл ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

"Іс-шара жыл сайын өткізіліп, Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылады. Оның басты мақсаты – аға буынға құрмет пен көңіл бөлуді көрсету, қарт адамдарға қамқорлық жасаудың маңызын атап өту. Аға буын өкілдерінің құрмет пен алғысқа лайық екенін көрсеткіміз келеді", – деді Спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізу бөлімінің басшысы Алмаз Қазбек.

Қатысушылар музыка ырғағымен жаттығулар жасап, би билеп, белсенділік танытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар аға буын өкілдерінің спортпен айналысып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

"Қарттар – біздің қазынамыз" деген флешмобтың атауы оның негізгі мақсатын аңғартады. Қазақ қоғамында үлкендер әрдайым өмірден көргені мол, ақыл-тәжірибесі бар, отбасы мен ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін аға буын ретінде құрметтеледі. Сондықтан мұндай кездесулер қарттардың бірге спортпен айналысуына ғана емес, араласуына, әңгімелесіп, тәжірибе бөлісуіне және әр буынның арасындағы байланысты нығайтуына мүмкіндік береді", – деді Спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының нұсқаушысы, Есіл ауданына жауапты Азамат Байылов.

"Қарттар – біздің қазынамыз" флешмобы жыл сайын Халықаралық қарттар күніне орай өткізіледі. Бұл күн 1 қазанда аталып өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу